Азаматтық белсенділік – ел болашағына деген жауапкершілік

image.png

Мархаба Қаламбаева 339-сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады


Сайлау – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқан. Оған қатысып, өз таңдауын жасау – әрбір азаматтың конституциялық 

құқығы ғана емес, ел болашағына деген жауапкершілігінің де айқын көрінісі.


Осы орайда Іле ауданының Құрметті азаматы, Боралдай кенті Аналар кеңесінің төрайымы Мархаба Қаламбаева 339-сайлау учаскесіне

 келіп, дауыс берді.


Қоғамдық ортада өзіндік орны бар, ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты дәріптеп жүрген Мархаба Қаламбаева саналы ғұмырын игілікті істерге 

арнап келеді. Әсіресе, отбасы құндылықтарын сақтау, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді насихаттау, жас ұрпақтың бойына адамгершілік 

қасиеттерді сіңіру бағытындағы қоғамдық жұмыстарының маңызы зор.


Аналар кеңесінің төрайымы ретінде ол қоғамдағы аналардың беделін арттыруға, отбасы институтын нығайтуға және өскелең ұрпақ тәрбиесіне 

ерекше көңіл бөліп келеді.


Мархаба Қаламбаеваның сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауы – азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Өйткені ел тағдырына 

қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде әр азаматтың белсенділігі мен бейжай қалмауы айрықша мәнге ие.


Ел болашағы – ортақ құндылық. Ал сол болашақтың жарқын болуы әрбір азаматтың саналы ұстанымы мен қоғам алдындағы жауапкершілігіне

 байланысты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жас отбасы өз таңдауын жасады
  • Қайыржан Жақсымбетов мәслихат сайлауында өз таңдауын жасады
  • Азаматтық белсенділік – ел болашағына деген жауапкершілік
  • «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
  • Я пришел проголосовать за будущее подрастающего поколения