Байқаушы: «Сайлау заң талаптарына сай өтіп жатыр»

image.png

Сайлау өткізудің барлық ережелерін сақтау қоғамдық бақылауды талап етеді. Бұл тұрғыда бақылаушылардың жұмысын атап өту маңызды. Барлық өркениетті құқықтық мемлекеттердегідей сайлау учаскелерінде байқаушылар, оның ішінде  қоғамдық   ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Қазір аймақтағы барлық ашық сайлау учаскесінде қоғамдық байқаушылар коалициясынан екі өкілден жұмыс атқаруда. Олар күні бойы сайлау учаскелерінен келіп түсетін ақпаратты бақылап, өңірдегі жалпы жағдайды қадағалап отыруды міндетіне алған. Қонаев қаласындағы № 946 сайлау учаскесіндегі  байқаушылар коалициясының атынан бекітілген Зарыққан Есілбаевтың  айтуынша, дауыс беру науқаны ойдағыдай басталып, заң талаптарына сай жүріп жатыр. «Басты міндетім – дауыс беру процесінің ашықтығы мен заң талаптарының сақталуын бақылау. Таңнан бері дауыс берушілер облыстық және аудандық  деңгейдегі  мәслихат депутаттарын сайлауда белсенділік танытуда. Мәслихат сайлауы қоғам мен мемлекет арасындағы кері байланысты нығайтуға да ықпал етеді. Ол азаматтарға өкілді органдарды қалыптастыруға қатысуға, бастамалар көтеруге, өз елдімекендерінің мүдделерін қорғауға және сайланған депутаттардан нақты нәтиже талап етуге мүмкіндік береді.  Сондықтан да жергілікті  тұрғындардың бұл сайлауға көп үміт артатыны анық. Комиссия мүшелері өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруда. Сайлау заң талаптарына сай өтіп жатыр», – деді байқаушы.

Ерзат АСЫЛ

Қонаев қаласы


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Преемственность поколений – ответственность за будущее страны»
  • «Ұрпақтар сабақтастығы – ел болашағына деген жауапкершілік»
  • В Алматинской области заявления на голосование на дому принимают до 12:00
  • Алматы облысында үйден дауыс беруге өтініш қабылдау сағат 12:00-ге дейін жалғасады
  • Байқаушы: «Сайлау заң талаптарына сай өтіп жатыр»