Еңбек ардагері дауыс берді

image.png

Мәслихат депутаттарының сайлауына Райымбек ауданының тұрғындары да белсене қатысуда. Таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріне 

келген жұртшылық өз таңдауын жасап, маңызды науқанда жауапкершілік танытты.


№783 сайлау учаскесінде еңбек ардагері Гүлдария Алтынбекова да өз таңдауын жасады. Саналы ғұмырын адал еңбекке арнап, ел дамуына

 өзіндік үлес қосқан ардагер сайлауда азаматтық ұстанымын білдірді.


Еңбек адамдарының өмір жолы – кейінгі буынға өнеге. Сан жылдық тәжірибесі мен тағылымы бар аға буын өкілдерінің қоғамдық маңызы бар 

шараларға қатысуы – азаматтық жауапкершілік ғана емес, ұрпақтар сабақтастығының да айқын белгісі.


Мәслихат депутаттарын сайлау – жергілікті деңгейдегі өкілді органның құрамын айқындайтын маңызды саяси науқан. Сондықтан әрбір 

тұрғынның өз таңдауын жасауы елдімекендердің кемел келешегі үшін қажет.


Ел болашағы әр азаматтың саналы таңдауынан басталады. Райымбек ауданында дауыс беру науқаны жалғасуда.


Ақерке Бижан,

Райымбек ауданы


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Алматинской области заявления на голосование на дому принимают до 12:00
  • Алматы облысында үйден дауыс беруге өтініш қабылдау сағат 12:00-ге дейін жалғасады
  • Байқаушы: «Сайлау заң талаптарына сай өтіп жатыр»
  • АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ!
  • АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ