АҚСАҚАЛДАР САЙЛАУҒА ҚАТЫСЫП, АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

325.png

Бүгін Шамалған ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің мүшелері   Шамалған ауылы №465 сайлау учаскесінде келіп, дауыс берді.


Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптеп, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген аға буын өкілдері бұл жолы да 

ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістен тыс қалмады.


Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бірлесе сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырды.


Қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуда, ұрпақтар сабақтастығын сақтауда және ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ақсақалдардың 

алатын орны ерекше.


Аға буын өкілдерінің бүгінгі сайлауға қатысуы олардың қоғамдық өмірдегі белсенділігінің тағы бір көрінісі болды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ТАНЫТТЫ
  • Райымбек ауданының Құрметті азаматтары сайлауда дауыс берді
  • АҚСАҚАЛДАР САЙЛАУҒА ҚАТЫСЫП, АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
  • Аксакалы села Шамалган пришли на выборы в национальных костюмах
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ ДАУЫС БЕРУ ҮШІН АШЫЛДЫ