БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ БАҚ СЫНАҒАН ЖАС ДАРЫН!

IMG_0671.jpeg

Бақанас мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Қаратай Мұхамеджанның жетістігіне ерекше қуаныштымыз!

Ол ауыл мектептерінің 9–11-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиадаға қатысып, білім додасында өз бағын сынады.

Бұл – жас өреннің білімге деген құштарлығының, ізденісі мен табандылығының айқын көрінісі. Осындай білім бәйгелеріне қатысу – оқушының таным көкжиегін кеңейтіп, қабілетін шыңдап, алдағы үлкен жетістіктеріне жол ашатын маңызды қадам.

Жарайсың, Мұхамеджан! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім додаларында жарқырай көріне беруіңе тілектеспіз! Армандарың асқақ, қадамың нық, алар асуларың көп болсын!

Сенің әрбір талпынысың – үлкен жетістіктердің бастауы! Біз сені мақтан тұтамыз!



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ БАСТАЙТЫН БЕРІК НЕГІЗ
  • ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ЖАҢА БАҒЫТТАРДА
  • ЖАС ДАРЫН – БИІК МАҚСАТҚА БАҒЫТ АЛДЫ!
  • БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ БАҚ СЫНАҒАН ЖАС ДАРЫН!
  • ПИЛОТТЫҚ ЖОБА – ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНА ЖАҢА МҮМКІНДІК