МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫН НАСИХАТТАҒАН БАЙҚАУ

•Тілім менің-тірлігімнің айғағы...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫН

НАСИХАТТАҒАН БАЙҚАУ

IMG_4255.JPG

Қазақстан Республикасында Тіл саясатын іске асырудың  2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында  аудандық іс-шаралар жоспары бекітіліп, қоғамдық ұйымдар, жастар, зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен іс-шаралар өткізілуде. Осындай іс-шараның бірі аптада Бақанас аграрлы-индустриалды колледжі студенттерімен өтті. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл байлығы-ел байлығы» тақырыбында колледж студенттері арасында эссе жазудан байқау ұйымдастырылды. Бұл байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, тіл сауаттылығын арттыру, жастардың бойында Отанына, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерін барынша көтеру болып табылады.

Тіл құндылығын насихаттаған байқауға 1-3 курс аралығында 25 білім алушы жастар қатысты. Байқау қорытындысында ережеге сәйкес әрі өзіндік ой-пікірлерімен 7 қатысушы шығармалары үздік деп танылды. 30 қараша күні өткен байқаудың қорытынды марапаттау рәсіміне аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы және қоғамдық бірлестік төрағасы Н.Сейтжанұлы қатысып, шараның маңыздылығына тоқтала отырып, құттықтау тілектерін білдіріп, байқау жеңімпаздарына арнайы  марапаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады.

Осындай тіл мәртебесін көтеру, құндылығын насихаттау бағытындағы шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Гүлзат СӘЛІМЖАНОВА, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕГИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ООН ДЛЯ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ И АФГАНИСТАНА
  • ДОВЕРИЕ ВАЖНЕЕ ВСЕГО
  • • Мәжіліс депутаты Алматы облысындағы жайлы мектеп құрылысымен танысты
  • ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
  • ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ