«ЌҰРМЕТТІ АЗАМАТ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ


«ЌЎРМЕТТІ АЗАМАТ» АТАЄЫ БЕРІЛДІ

354bb277-ee86-4bf3-9602-fa117a14a4b4.jpg

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні. Бұл айтулы мереке көктемнің жылы лебін ала келетін нұр шуағы төгілген ерекше мейрам. Нәзік жанды арулардың төл мерекесіне орай аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Ғалым Тоқпейісов өзінің жұмыс кеңсесінде ауданның дамуына сүбелі үлес қосып, ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие беру жолында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ұстаздарға арнайы құрмет көрсетіп, ерен еңбектері үшін «ауданның Құрметті азаматы» атағын табыстады.

Марапаттау барысында аудан басшысы ақ жаулықты аналарға мерекелік лебізін арнап, қоғамда ұстаздар қауымының алар орны ерекше екеніне баса тоқталды.

Осы орайда мереке қарсаңында марапатталған ардагер ұстаздарды атап айтар болсақ, Нина Дәрібайқызы, Ханшайым Закарина, Ғалия Садықбаева, Зәуреш Коханбаева және Күлғайша Бекжігітова сынды аналар ауданның Құрметті азаматы атанды. Марапаттау салтанаты аяқталғаннан кейін жүрегі мейірімге толы ақ жаулықты аналар өздерінің жүрекжарды тілектерін арнап, аудан көлемінде атқарылып жатқан толағай жұмыстарға жоғары баға беріп, ауданның атқамінер азаматтарына өздерінің ризашылықтарын жеткізіп, еңбектеріне табыстар тіледі.

Мәңгі жарық күн сыйлаған аналарға қандай құрмет көрсетсек те лайықты. Жер ананы қуаныш шаттыққа бөлеген көктемнің шуағындай  нәзік жанды арулардың мерекесінде бар ғұмырларын бала тәрбиесіне арнап, білімді де білікті шәкірттер тәрбиелеп, ел болашағы үшін аянбай еңбек еткен ұстаздар қауымының еңбектері білген жанға ұшан-теңіз. 

                          


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі