АДАЛ АЗАМАТ – АДАЛДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

IMG_0114.jpeg

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледж студенттеріне «Адал азамат – адалдықтан басталады» тақырыбында танымдық семинар өткізілді.

Семинар барысында студенттер адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық және заңға құрмет секілді маңызды құндылықтар төңірегінде ой қозғады.

Іс-шара барысында «Адалдық таразысы» атты жағдаяттық тапсырма, «Адал болу – бүгінгі қоғамның талабы ма?» тақырыбында пікірталас және «Адалдық кодексі» атты шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды.

Студенттер өмірлік жағдаяттарды талқылап, өз ойларын ортаға салу арқылы адал шешім қабылдаудың маңыздылығын түсінді.

Сонымен қатар «Адалдық ағашы» атты рефлексиялық тапсырма арқылы қатысушылар өздерінің азаматтық ұстанымдары мен адалдыққа қатысты жеке көзқарастарын білдірді.

Адал азамат болу – адал ойдан, әділ әрекеттен және жауапкершілікті сезінуден басталады!



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ
  • ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
  • АДАЛ АЗАМАТ – АДАЛДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
  • ІЗДЕНІС – ЖАҢА ИДЕЯЛАРДЫҢ БАСТАУЫ
  • Павлодар облысында Құрылтай депутаттарының өңір тұрғындарымен кездесулері өтуде