
«Зерделі ұрпақ» олимпиадасының командалық сайысында І орын иеленген оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Ақыл мен білім сынға түскен «Зерделі ұрпақ» олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім додасында оқушыларымыз терең білімдері мен тапқырлықтарын, зеректіктері мен алғырлықтарын дәлелдей білді.
Бақ сынап, үздік нәтиже көрсеткен, жүлделі орындардан көрінген барша шәкірттерімізді және олардың аяулы ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз – баршамыздың ортақ мақтанышымыз.


