
Қонаев қаласында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл желек» эконауқаны ұйымдастырылды.
Науқан шеңберінде қаланың негізгі көшелерінің бойында 1000 жасыл желек егілді. Оның ішінде арша мен акация ағаштары отырғызылды. Экоакцияға ардагерлер мен жастар, жалпы қала тұрғындары белсене қатысты.
Жалпы Қонаевта жыл басынан 20 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Күзгі науқанда 9000-ға жуық жеміс ағаштарын, акация және арша егу жоспарланып, орындалуда.


