
«Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2026» облыстық байқауында Ақдала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ерік Индира Ерікқызы ІІІ орын иеленіп, жүлдегер атанды!
Бастауыш білім – баланың үлкен өмірге бастар алғашқы баспалдағы. Ал сол баспалдақта шәкіртінің қолынан ұстап, білімге деген қызығушылығын оятып, әр баланың бойындағы қабілетін аша білу – ұстаз шеберлігінің айқын белгісі.
Өзінің ізденісі мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін облыстық деңгейде дәлелдеген Индира Ерікқызын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – ұстаз еңбегінің жемісі ғана емес, мектебіміздің ортақ мерейі мен абыройы!
Шәкірттеріңіздің жетістігі еселеніп, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Алда бұдан да биік белестер мен жарқын жеңістер көп болсын!


