Жаңа Конституция-ел тірегі

55bc2a6f-6cd0-429d-83e4-aae4ad9a2b75.jpegӘрбір мемлекеттің даму жолында оның болашағына бағыт-бағдар беретін, қоғамның құндылықтары мен азаматтардың құқықтық негіздерін айқындайтын басты құжат болады. Қазақстан үшін осындай тарихи маңызы бар құжат – Конституция. Ол тәуелсіздігіміздің берік тірегі ғана емес, ел ішіндегі тұрақтылықтың, қоғамдық келісім мен татулықтың негізі.

Заман өзгерген сайын қоғамның сұранысы да жаңарып, мемлекетті басқару жүйесіне, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қойылатын талаптар арта түседі. Осындай кезеңде Конституцияны жаңарту – уақыт талабынан туындаған маңызды қадам. Жаңарған Ата Заң ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, болашаққа деген жауапкершілікті арттыра түседі.

Конституциялық өзгерістердің өзегінде ең алдымен адам мүддесі тұруы тиіс. Себебі мемлекеттің қуаты оның азаматтарының әл-ауқатымен, қауіпсіздігімен, білім деңгейімен және еркін дамуына жасалған мүмкіндіктермен өлшенеді. Әр адамның құқығы қорғалған, пікірі ескерілген, еңбегі бағаланған қоғамда ғана шынайы әділеттілік.

Бүгінгі қоғам үшін білім мен ғылымның маңызы ерекше. Өйткені әлемдік бәсекеде алға шығудың басты жолы – сапалы білім, озық технология және үздіксіз ізденіс. Жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау, ғылыми жаңалықтарды қолдау, цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану – елдің ертеңіне салынған инвестиция. Білімді ұрпақ қана мемлекеттің дамуына тың серпін беріп, жаңа жетістіктерге жол аша алады.

Сонымен қатар қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау да аса маңызды. Қазақстанның басты байлығы – түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі. Өзара сыйластық, қоғамдық келісім, ортақ жауапкершілік пен отансүйгіштік – елдігімізді нығайтатын басты құндылықтар. Бұл құндылықтарды сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Ата Заңның мәні оның мазмұнымен ғана емес, қоғам өмірінде жүзеге асуымен де бағаланады. Әр азамат өз құқығын біліп, міндетін сезінгенде, мемлекеттік органдар жауапкершілікпен жұмыс істегенде және қоғамда заңға деген құрмет қалыптасқанда ғана конституциялық қағидаттар нақты нәтижесін береді.

Жаңарған Конституция – елдің ертеңіне деген сенім мен ортақ жауапкершіліктің көрінісі. Ол мемлекет пен қоғамның өзара байланысын нығайтып, азаматтардың белсенділігін арттыруға, әділетті әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды құқықтық негіз болып саналады.

Конституция – бүгінгі қоғамның құқықтық тірегі ғана емес, ертеңгі ұрпақтың жарқын болашағына бастайтын тарихи бағдар. Ата Заңымыз айқын, тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміздің болашағы жарқын болсын!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК – АУДАННЫҢ КӨРКІ
  • В ИЛИЙСКОМ РАЙОНЕ ОБСУДИЛИ ПРИОРИТЕТНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ, ОБОЗНАЧЕННЫЕ В ПОСЛАНИИ ПРЕЗИДЕНТА
  • Международные рейтинги высоко оценивают цифровой Казахстан: как курс Токаева отражается на готовност
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • Суперкомпьютеры и дата-центры: какую модель цифровой экономики строит Казахстан при Токаеве