
«Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңінде мектебіміздің ұстазы Абжанова Дилара Батылқызы І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды!
Бұл жетістік – ұстаздың кәсіби шеберлігі, терең білімі мен үздіксіз ізденісінің жарқын нәтижесі.
Әрбір биік белестің артында қажырлы еңбек пен табандылық тұрады. Аудандық кезеңде үздік нәтиже көрсетіп, мектебіміздің мерейін асырған Дилара Батылқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Облыстық кезеңде сәттілік серік болып, алтын тұғырдан көрінуіңізге тілектеспіз!
Жеңісті жолыңыз жалғасын тауып, алар асуларыңыз биіктей берсін!


