
Аудан орталығының көшелерін көгалдандыру мақсатында осы аптаның сейсенбісі күні С.Сейфуллин көшесінің бойына 200 дана қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.
“Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған аталмыш шараға аудандық мекеме - ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысып, туған жердің табиғатын көркейтуге өз үлестерін қосты.
Бұл шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтап қана қоймай, аудан орталығын жасыл желекке айналдыру, көшелердің көркін ашып,табиғатқа деген жанашырлықты арттыру. Әрбір отырғызылған көшет – болашаққа жасалған инвестиция,келер ұрпаққа қалатын табиғи байлық.
Өз тілшімізден.


