
«Зерделі ұрпақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде 3–4-сыныптар арасында мектебіміз І орынға ие болды!
Білім додасында үздік нәтиже көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатқан оқушыларымызды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Талаптарыңа нұр жаусын! Білім жолындағы ізденістерің жемісті болып, жетістіктерің арта берсін! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беріңдер!


