
2026 жылғы 4 қарашада Е. Ахметов атындағы мектепте «Ұшқыр ой» идеялар жәрмеңкесінің аудандық кезеңі өтті.
Ауданның 13 мектебінен жиналған 13 топ өздерінің педагогикалық идеяларын ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты. Ұстаздар үшін бұл шара кәсіби ізденістерін танытуға, әріптестерінің тың бастамаларымен танысуға, жаңа ой түйіп, шығармашылық шабыт алуға мүмкіндік берді.
Әрбір идеяның түпкі мақсаты – оқушының қызығушылығын оятып, білім алуына қолдау көрсету, шығармашылық қабілетін дамыту және білім сапасын арттыру.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаздардың еңбегі қашанда жоғары бағалауға лайық!
Барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!


