АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

DSC_0498.JPG

«Әйел бір қо-лымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген дана халқымыз. Қандай нақтылы айтылған ой десеңізші?! Шын-дығында әйелдер қауымынсыз, ақ жаулықты аналарсыз, аяулы қыздарсыз елес-тету әсте мүмкін емес. Иә, Алла Тағаладан кейінгі құдыретті адам-ол ана. Адамзатқа  әлемнің жарығын сыйлаған аналардың алдында біз қашанда бас иеміз.

Осы орайда, нәзік жанды аруларға құрмет көрсету мақсатында осы аптаның жұмасы күні аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Бақанас ауылындағы бірқатар аналар сый-сияпаттармен марапатталды. Аудандағы ардагер ұстаз Жәмигүл Тілеубаева, жұқпалы аурулар бөлімінің мейірибекесі Бақыткүл Маматаева және көпбалалы ана  Дауылбаева Алмаға гүл шоқтары мен арнайы сыйды аудан әкімінің орынбасары  Бауыржан Темірғалиұлы мен Бақанас ауылдық округінің әкімі Қабыл Күлтебаев табыстады.

 

Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі