АУДАН ӘКІМІ ҒАЛЫМ ТОҚПЕЙІСОВТЫҢ 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

                       Аудан әкімі Ғалым Тоқпейісовтың 8 наурыз мерекесімен құттықтауы

1 (653).jpg

 

Ардақты аналар мен аяулы ханымдар!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі. Сіздерді төл мерекелереңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Аяулы аналардың нәзік жүрегі сүйген жарына, перзентіне, туған жері мен Отанына деген махаббатқа толы. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп отырған ақ жаулықты аналарға қашанда бас иеміз.  Тіршілік атаулыға мағына, мән беріп, дүниені пәк қалпында ұстап тұрған арулардың жүрегіндегі сол ізгі сезімдер. Сол үшін біз оларды ерекше құрметтейміз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен таралады. Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген дана сөзі үнемі жадымызда сақталып тұрады.

Әйелдер қауымы– ең әуелі, ардақты ана, отбасының сақтаушысы болып отыр. Ол дүниеге әкелген перзенттеріне тәлім-тәрбие беру жолында жан жылуымен жүректегі мейірімін аяған емес. Балалар біздің болашағымыз десек, аналарымыз сол жас ұрпақтың бойына адалдық, шыншылдық, адамгершілік, имандылық пен Отансүйгіштік деген асыл қасиеттерді дарытып жүр.

Ауданымызда өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген алтын құрсақты аналар да жетерлік.

«Қыз өссе, елдің көркі» деген дана халқымыз қыз баланы ерекше құрметтеп, әрқашан төрден орын берген. Қазақ қызы қашанда сұлулығымен, даналығымен ғана емес, ерлігі және қайсарлығымен дараланған. Қазірде еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген арулар баршылық. Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.

Қымбатты ханымдар!

Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілеймін! Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін!




Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕГИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ООН ДЛЯ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ И АФГАНИСТАНА
  • ДОВЕРИЕ ВАЖНЕЕ ВСЕГО
  • • Мәжіліс депутаты Алматы облысындағы жайлы мектеп құрылысымен танысты
  • ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
  • ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ