Мереке мерейі


16feb81b-b06d-4412-9f3c-0901824dbc08.jpg

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Жаңа жылдық мереке биылда өз жалғасын тапты. Әлем халқы тойлаған ғажайып мерекені еліміздің барлық өңірлерінде зор үмітпен қарсы алды. «Ескі жылым есірке, жаңа жылым жарылқа» демекші төрімізге жаңадан еніп отырған қоян жылын біздің аудан халқы да жоғары деңгейде қарсы алды. Бұл күні аудан көлеміндегі барлық ауылдық округтерде жасыл шырша безендіріліп, мерекелік кештер ұйымдастырылды.

Аудандық Мәдениет үйінің маңында ұйымдастырылған мерекелік кештің шымылдығын түрген аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов  2022 жылы ауданымызда берекелі тірліктер мен іргелі істер атқарылғанын және Жаңа жылда өңіріміздің тұрғындарының игілігіне бағытталған жүйелі жұмыстар өз жалғасын тауып, жаңа бастамалардың жүзеге асатынына сенім білдірді. Сонымен қатар әділетті Жаңа Қазақстанды құру жолында еңбектің көрігін қыздырып жүрген азаматтарға сәттілік, әрбір шаңыраққа молшылық пен қуаныш тіледі.

Аудан басшысының құттықтауынан кейін Жаңа жылдық мерекеге орай ауыл ажарын көрікті етіп, әсем безендірген мекемелер марапатталды. Марапаттау барысында түңгі Бақанас ажарына көрік берген аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектебі бас жүлде иегері атанды. Ал І-ші орынды «Жасұлан» балабақшасы жеңіп алса, ІІ-ші орынға Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы қол жеткізді. Жүлделі ІІІ-ші орын Бақанас орман шаруашылығы мекемесіне бұйырды.

Мерекелік шарада өнер көрсеткен мекеме-ұйым қызметкерлері сан түрлі ертегілер әлеміндегі нақышта тігілген киімдер киіп,  өнер көрсетіп, жүлдеден құр алақан қалмады. Аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы аясында  сахналық қойылымдар көрсетіліп, Аяз Ата мен Ақшақар өздерінің  сыйлықтарын үлестірді. 

Шара соңында түрлі-түсті  отшашу жарқырып, түнгі аспанды нұрға бөледі.

            Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі