ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ҚОНЫСТОЙЛАРЫН ТОЙЛАДЫ

eaa3fa26-0be4-4304-96c7-8fb088a70e33.jpg


8019118f-e58f-48c2-adf7-cd370332f46a.jpg

Көптен бері тұрғын үй кезегінде тұрған бірқатар аудан тұрғындары Жаңа жыл мерекесі қарсаңында баспанаға қол жеткізіп, 2023 жылды жаңа қоныста қарсы алды.

2022 жылдың көктем айларынан бастап, аудан орталығынан бой көтерген 20 жалгерлік тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Қоныс тойын тойлауға асыққан жаңа тұрғын үй иелеріне баспана кілтін табыстауға арналған  салтанаты шара да сөз сөйлеген аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов аудан орталығынан беріліп жатқан тұрғын үйлердің деншілігі көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар және мүмкіндігі шектеулі адамдар екенін айтты.

Сонымен қатар аудан орталығынан 2022 жылдың екінші жартысында құрылыс жұмыстары басталып, 2023 жылы  пайдалануға берілетін 30 жалгерлік тұрғын үйлердің және 5 қабатты 2 үй, яғни 40 пәтерлік үйлердің құрылыс жұмыстары жасалынып жатқанын сөзге тиек етті. Сондай-ақ салтанатты шарада бас қосып тұрған аудан тұрғындарына алда келе жатқан Жаңа жыл құт-берекесімен  келсін деген жүрекжарды тілегін арнады.

Келесі болып сөз кезегін алған ауданның Құрметті азаматы Балапан Әділханова жиналған көпшілікті келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, аналық ақ жүрегімен ел-жұрттың амандығын тілеп, жаңа баспана иелеріне құтты болсын айтты.

Мұнан соң аудандық «Ақжүніс» әжелер ансамбілінің мүшесі, жезтаңдай әнші Гүлшаһар Несіпбаева әннен шашу шашып, салтанатты шарада бас қосқан көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мәдени шара соңында жаңа пәтердің кілтін қолға алған қуаныш иелері естелік суреттерге түсті. Бұл күні қуаныш иелеріне құтты болсын айтқан ағайынның да қарасы аз болмады.

Баспана әр шаңырақтың жылы ұясы, берекелі құт мекені. Аудан орталығында осындай жаңадан бой көтерген тұрғын үйлердің жыл сайын саны артып, баспанасыз жүрген жанұялардың армандары әрдайым орындала берсін деген тілекті бізде арнаймыз.

                                 Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі