Дәрігерлер отбасы дауыс берді

IMG_0769.jpeg

Жамбыл ауданының Қарғалы ауылындағы №288 сайлау учаскесінде аудан медицинасының дамуына өздерінің үлесін қосып жүрген танымал дәрігерлер әулеті  – Жанахметовтер отбасы дауыс берді. Еркін Жанахметов Қарғалы ауылындағы аудандық ауруханада хирург, ал зайыбы Салтанат Бабышова сол мекемеде жалпы тәжірибе дәрігері болып еңбек етеді. Дауыс беруге Еркінің әкесі Жақсылық Сүйіпбергенов пен анасы Күлайым Атантаева және балалары бірге келді. 

Осылайша мәслихат депутаттарының сайлауына барлығы бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Сайлауға қатысу – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігін, ел болашағына бейжай қарамайтындығын және белсенді өмірлік ұстанымын білдіреді. Адам жанының арашасы болуды өмірлік мұрат еткен бұл әулет аймақ жұртшылығына ерекше сыйлы. Еркін Жақсылықұлы мен Салтанат Ғаниқызының балалары да болашақта әке-шешесінің жолын қуған денсаулық сақтау саласында еңбек етуге ниетті.

          «Дәрігер мамандығы — ең алдымен жауапкершілік пен мейірімділік. Туған жердің ертеңіне, еліміздің тұрақты дамуына дауыс беру де — әрбір азаматтың перзенттік парызы. Сондықтан бүгін бүкіл отбасымызбен сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық», — дейді отағасы Еркін Жақсылықұлы.

Серік Сатыбалдиев 

Жамбыл ауданы


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дәрігерлер отбасы дауыс берді
  • Шалғай ауыл тұрғындары сайлауда белсенділік танытты
  • В Алматинской области проголосовали ветераны войны и долгожители
  • Алматы облысында соғыс ардагерлері мен ғасыр жасаған қариялар дауыс берді
  • Ветеран Великой Отечественной войны принял участие в голосовании