Жаңа жыл-әлемдегі қуанышқа толы, сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мерекелердің бірі. Бәріміз келе жатқан Жаңа жылдан жағымды жаңалық, жаңа бақыт күтеміз.
Жаңа жыл қарсаңында аудан көлеміндегі барлық білім шаңырықтары мен балабақ-шаларда мерекелік кештер ұйымдастырылып, балаларға қуаныш сыйлады. Осындай балаларға қуаныш-шат-тық сыйлау мақсатында ұй-ымдастырылған мерекелік шараның бірі деп Бақбақты ауылындағы «Күншуақ» бөбек-жай-балабақшасында өткен ер-теңгілікті айтуға болады.
Ертеңгілік барысында балаларға Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, ертегілер әлеміндегі аңыз кейіпкерлер сомдалған сахналы қойылымдар көрсетілді. Сонымен қатар Аяз Ата мен Ақшақар келіп, бүлдіршіндерге сыйлықтарын үлестірді. Аяз Атадан сыйлық алуға асыққан бүлдіршіндер балдай тәтті тілдерімен Жаңа жыл туралы өлең шумақтарын жатқа айтып, ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Бұл кешті асыға күткен бал бөбектер әсем безендірілген жасыл шыршаны айнала би билеп, ғажайыпқа толы мерекенің сәнін келтірді. Балапандарының шынайы қуанғандарын көзбен көрген ата-аналары да дән риза болып, мерекелік ертеңгілікті ұйымдастырған балабақша ұжы-мына алғыстарын жаудырды
Әлемнің көптеген елдерінде Жаңа жыл сүйікті мереке болып саналады. Оның үстіне әр елдің Жаңа жылды қарсы алудың өзіндік дәстүрлері бар. Бұл көңілді және жарқын мерекеге байланысты көптеген белгілер мен ырымдар да бар. Егерде Сіз Жаңа жыл қарсаңында тілек тілесеңіз сол тілегіңіз орындалу үшін талпынып, еңбек етесіз. Ал ерінбей еңбек еткен адамдар әрқашанда жетістікке жетіп, мол несібеге бөленеді.
Жанар Жұмабекова, «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.