РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕЛЕРІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА БОЛДЫ

36f1f4a2-a388-45e6-8fe5-0d1d8329f725.jpg

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Ақтөбе облысының тұрғын-дарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Ақтөбе рельс-арқалық зауы-тының еңбек ұжымымен кездесуде кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген ел өнеркәсібін дамытуға арналған шаралар талқыланды.

«Ақтөбе облысыеліміздегі маңызды индустриалды өңір. Еңбек адамдары, сондай-ақ, жауапты, еңбексүйгіш, патриот ақтөбеліктер облыстың өсіп-өркендеуінің негізі екені сөзсіз. Сіздер әрдайым еліміздегі реформаларды, бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдап келдіңіздер. Сондықтан алдағы президент сайлауында, ел дамуындағы осындай жауапты кезеңде өңір тұрғындары дұрыс таңдау жасайды деп сенеміз», – деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Ақтөбе облысының жұрт-шылығымен кездесуге 350-ден астам адам қатысты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «AMANAT» қазақстандықтардың өзекті мәселелерін шешуге баса назар аударады
  • «AMANAT» сосредоточится на решении насущных проблем казахстанцев
  • Алматы облысында  «Еңбек нарығындағы
жұмысшы мамандықтар жылы» аясында форум өтті.
  • Бос жұмыс орындары - жұмыссыз азаматтарға мүмкіндік сыйлайды
  • Бос жұмыс орындары - жұмыссыз азаматтарға мүмкіндік сыйлайды.