АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРГЕНДЕРГЕ АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

сур.jpg


Ынтымақ ауылындағы Сағындық Оспанов атындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан №277 сайлау учаскесінде алғашқы келушілерге сыйлықтар тапсырылды. Мұнда 1302 сайлаушы тіркелген. Халықтың саяси науқанға қатысу белсенділігі жоғары. Түске дейін сайлаушылардың жартысына жуығы өз таңдауларын жасап үлгерді.

Аталған сайлау комиссиясының төрайымы Қарлығаш Нәдірбекованың айтуынша, жеті адамнан құралған комиссия мүшелері мұнда таңғы сағат бес жарымда келіпті. Сағат 6-дан аса оларға тиісті бюллетеньдер бөліп беріліп, жұмысқа сақадай-сай тұрған. Сағат жетіде еліміздің Гимні орындалып, ауыл ақсақалы Еділ Әбдікерімов пен аудандық мәслихат хатшысы Саят Мұхаметқалиұлы құттықтау сөздерін айтты.

Дауыс беруге сол кезде алғашқы болып келген ауылдың ардагер-ұстазы Зәуреш Жексенбиеваға сыйлық беріліпті. Биылғы Балалар жылына байланысты дауыс беруге сәбилерін көтеріп келген аналарға да арнайы сый-сияпаттар ұсынылған. Сонымен қатар, жасы он сегізге толып, алғаш рет дауыс беруге келген Диана Әлібиқызына сыйлыққа Абайдың қара сөздерінен кітаптар тапсырылды.

Аудан орталығына жақын орналасқан аядай ауылда үш азамат үйлерінен дауыс береді. Оларға комиссия мүшелері арнайы жылжымалы жәшік ала барады.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі