Сарбаздар үйлеріне оралды

3094c61f-0630-419c-bb2c-ef533d81188d.jpg


Осы аптада Отан алдындағы адал қызметтері үшін алғыс арқалағандар қатары 70-ке тарта сарбазбен толықты. Бұл жағымды жаңалық ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне тиесілі. Өздерінің азаматтық борыштарын аталған департаментке қарасты Қарасай, Райымбек ауданы бойынша шекара басқармаларының аумағында өтеген мерзімді қызметтің сарбаздары әскери-жауынгерлік қызметтегі табыстары үшін марапатталды.

Осыдан жыл бұрын Шекара қызметінің сапына алынып, алғашқы әскери дайындықтан өткен соң ел шебіне жіберілген сарбаздарға туған үйлеріне оралатын сәт те туды. Осынау маңызды сәтті асыға тосқан сарбаздарды тағы бір қуанышты оқиға күтіп тұр. Туған еліміздің шекарасын көздерінің қарашығындай күзетіп, Тоныкөк батыр бабамыз айтып кеткендей, «Күндіз отырмаған, түн ұйықтамаған» сарбаздарымыз ҰҚК Шекара қызметі Директорының бұйрығымен ІІ-дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Марапатты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының сарбаздарына ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы полковник А.Каюпов салтанатты жағдайда табыстап, Отан алдындағы адал қызметтері үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ, Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының орталық алаңына салтанатты сапқа тұрған жеке құрамның алдына шыққан 40-тан астам сарбазға ІІ-дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісін аталған департамент бастығының орынбасары полковник А.Муналбаев тапсырды. Айту керек, бүгінгі рәсім кезінде 20-ға жуық шекарашы Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының грамотасын иеленді.

Туған еліміздің қасиетті шекарасында шыңдалып, азаматтық өмірге қосымша мамандықпен оралғалы тұрған әріптестеріміздің алдағы ғұмырларына тек қана сәттілік тілейміз.

 Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі