
Акмолдаев Мухит Турдалиевич - 1969 жылы Балатопар ауылында дүниеге келген. Балалық шағы туған жердің табиғатымен біте қайнасып, ауыл тіршілігімен етене араласып өтті. Білімге құштар болып өскен ол 1986 жылы №2 Жамбыл атындағы орта мектепті тәмамдап, сол жылы Алматы құрылыс техникумына оқуға түседі. 1987–1989 жылдары Кеңес әскері қатарында азаматтық борышын абыроймен өтейді. Әскери қызметтен оралған соң оқуын жалғастырып, 1990–1991 жылдары құрылыс техникумын тәмамдайды.
Еңбек жолын 1991 жылы Бақбақты ауылында шебер болып бастап, 1994 жылға дейін құрылыс саласында еңбек етеді.
1994–2001 жылдар аралығында аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқарып, құқықтық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында еңбек етеді. Ал 2001–2003 жылдары аудандық прокуратура мекемесінде маман болып қызмет жасап, құқық қорғау саласындағы тәжірибесін толықтырады.
2003 жылдан 2018 жылға дейін шаруа қожалығында еңбек етсе, 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарып келеді.
Бұл қызметте табиғи байлықты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, жан-жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемін қорғау бағытында еңбек етіп жүр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Халыққа қолайлы жағдай қалыптастыру үшін көшелерді жарықтандыру, жол қатынасын жақсарту, қоғамдық орындарды жаңарту секілді өзекті мәселелерді бірінші кезекте қолға аламын.
Ауылдардың заманауи талаптарға сай дамып, көрікті елді мекенге айналуына үлесімді қосамын. Әрбір тұрғынның туған жерге деген жанашырлығын арттыратын экологиялық бастамалардың жүзеге асуына барынша қолдау көрсетемін.
Туристік мүмкіндіктерді тиімді пайдалану. Өңіріміздің табиғи байлығы мен тарихи ерекшеліктерін кеңінен таныту арқылы туризм саласының дамуына серпін беруге атсалысамын. Туристерді тартуға мүмкіндік беретін нысандарды дамытуға және осы бағыттағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға күш саламын.
Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, емдеу мекемелерінің қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі мәселелерін назардан тыс қалдырмаймын. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының жағдайын жақсарту, оқушылардың сапалы білім алуына және олардың қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу бағытындағы жұмыстарға қолдау білдіремін.
Ауыл экономикасын жандандырудың маңызды тетігі – шағын және орта бизнесті дамыту. Осы бағытта жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныстарын қолдап, жаңа кәсіп түрлерін ашуға, сауда-саттық саласын өркендетуге және тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін бастамалардың жүзеге асуына ықпал етемін.
Жастардың қоғамдық өмірге араласуына, еріктілік қозғалысына және азаматтық бастамаларына қолдау көрсету. Ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени және спорттық іс-шараларды дамыту жөніндегі ұсыныстар енгізу.
Жас мамандарды ауылда тұрақтандыруға және олардың кәсіби әлеуетін іске асыруға бағытталған шараларды қолдау.
Өскелең ұрпақтың спортқа, өнерге және қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттыруға басымдық беремін.
Ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне, спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға қатысуына жағдай жасауға атсалысамын. Жастардың бастамашылдығы мен шығармашылық ізденістерін қолдауды маңызды міндет деп санаймын.
Менің мақсатым – тек бүгінгі мәселелерді шешуге атсалысу ғана емес, ауылдардың ертеңгі дамуына берік негіз қалыптастыру.
- Шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету;
Ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне жағдай жасау;- Жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламаларын насихаттау.
Білім мен денсаулық – ұлт болашағы - Білім беру мекемелерінің материалдық жағдайын жақсарту мәселесін көтеру;
Ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал ету;
- Балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына қолдау көрсету;
Спорт пен бұқаралық мәдениетті дамыту.
Жастар мен әлеуметтік осал топтарды қолдау- Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін назарда ұстау;
- Ардагерлер мен қарттарға құрмет көрсету;
Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға атсалысу.
Тазалық пен экологиялық мәдениет «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау;
Аудан аумағын көгалдандыру және көркейту;
Заңсыз қоқыс орындарының алдын алу;
Қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын жандандыру.
Халықпен ашық әрі тұрақты байланыс;
Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу;
Халықтың өтініштері мен ұсыныстарын назардан тыс қалдырмау;
Ауыл экономикасының негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік. Сондықтан ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашып, шаруашылығын кеңейтуіне мүмкіндік жасауға ерекше көңіл бөлемін.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесемін.
Мемлекеттік қолдау шараларының ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болуына, кәсіп бастауға ниетті азаматтардың қажетті ақпарат пен кеңес алуына ықпал етемін.
Әсіресе жастар мен әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдауды маңызды міндет санаймын. Өз ісін ашуға ниетті азаматтарға арналған мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелердің қолжетімділігін арттыру, өтінім беру және құжат жинау барысында түсіндіру, ұйымдастырушылық көмек көрсету мәселелерін назарда ұстаймын.
Сапалы жол – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіші. Жол қатынасының қолайлы болуы тұрғындардың күнделікті тұрмысына, балалардың мектепке баруына, медициналық және басқа да қызметтердің қолжетімділігіне тікелей әсер етеді.
Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.
Аудандық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.
Бақанас аграрлық-индустриялық колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізу. Округтегі мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, білім беру ұйымдарына баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, балалар және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.


