29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

image.png

Халыкова Альвира Манатовна - 1983 жылы 30 тамызда Жетісу облысы Жаркент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін информатика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Ақдала орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2014 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2019 жылы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болған.

2024 жылдың 28 тамызынан бері Бақанас ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры.

Жалпы еңбек өтілімі – 20 жыл. «Басшы-көшбасшы», «Педагог-зерттеуші» санаттарының иесі. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасын, менеджмент және «Өрлеу» біліктілік арттыру курстарын тамамдаған. «ӘДІЛЕТ» партиясының мүшесі.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Білімді ұрпақ – ел болашағы. Сапалы білім мен саналы тәрбие – қоғам дамуының басты негізі.

Менің алдағы 2026-2031 жылдарға арналған нақты міндеттер тұр. Осы бес жылға арналған жұмыс жоспарымның негізгі бағыты – ауыл балаларының сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына және заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына қолайлы жағдай жасау. Бүгінгі бала – ертеңгі ел болашағы. Сондықтан білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге, ұстаздардың еңбегін қолдауға, балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлемін.

Осы мақсатта 2026–2031 жылдар аралығында төмендегі міндеттердің орындалуына ықпал етуді басты назарда ұстаймын.

 Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған заманауи IT-хабтар мен цифрлық білім беру орталықтарын ашу мәселесін көтеру.

Балалардың ақпараттық технологияларға қызығушылығын арттыру мақсатында бағдарламалау, робототехника және жасанды интеллект негіздері бойынша тегін үйірмелер ұйымдастыруға ықпал ету.

Ауыл оқушыларының заманауи компьютерлік техникамен және жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілуіне қолдау көрсету.

Дарынды және ізденімпаз жастарды республикалық, халықаралық онлайн курстарға, IT-марафондарға, хакатондар мен түрлі білім сайыстарына қатыстыруға жағдай жасау.

Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, болашақта сұранысқа ие IT мамандықтарын меңгеруіне бағыт-бағдар беру.

Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға және шығармашылық байқауларға қатысатын оқушыларды жүйелі түрде қолдау тетіктерін қалыптастыруға ықпал ету.

Дарынды балаларға арнайы тәлімгер ұстаздар бекітіп, олардың қабілетін дамытуға қажетті қосымша дайындық жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысу.

Аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі білім сайыстарына қатысатын оқушылардың жол жүру, тұру және дайындық шығындарына қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыру.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың жетістігіне үлес қосқан ұстаздарды материалдық және моральдық тұрғыдан ынталандыру жүйесін жетілдіру мәселесін көтеру.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан оқушыларға қажетті жағдай жасап, олардың тың идеялары мен бастамаларын қолдау.

Ауылдық жерлерге жас мамандарды тарту мақсатында тұрғын үймен қамтамасыз ету, көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау бағдарламаларының тиімді жүзеге асуына ықпал ету.

Педагогтерді өздерінің негізгі міндетіне қатысы жоқ артық қағазбастылық пен есептіліктен арылту мәселесін көтеру.

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруына, жаңа білім беру технологияларын меңгеруіне және тәжірибе алмасуына жағдай жасауға қолдау көрсету.

Ұстаздардың шығармашылық ізденісін ынталандырып, кәсіби байқаулар мен білім беру жобаларына қатысуына мүмкіндік жасау.

Бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен толық қамту. Мектеп асханаларының сапасын ата-ана комитетімен бірге тұрақты бақылау.

Алыс елді мекендердегі балаларды мектепке тасымалдайтын автобустар санын көбейту. Мектеп маңындағы жолдарға жаяу жүргінші өткелдерін, бағдаршам мен жарықтандыру орнату.

Инклюзивті білім беру үшін мектептерде пандус, арнайы кабинет, логопед пен психолог мамандарын көбейту. Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасыларына қолдау көрсету.

Балабақшаға кезекті азайту, шағын орталықтар ашу. Әр баланы мектепке сапалы дайындау.

Тегін үйірмелер, спорт секциялары мен шығармашылық орталықтарды көбейту. Мектеп стадиондары мен спорт залдарын жаңарту, жазғы демалыс лагерлерін ұйымдастыру. Мектептерді бейнебақылау, күзет жүйесімен қамту. Буллингтің алдын алу, оқушылар мен ата-аналарға психологиялық көмек қызметін күшейту.

Ата-аналармен, мұғалімдермен тұрақты кездесулер өткізу. Мектепке бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы ашық есеп беру. Тұрғындардың өтініштерін қабылдауды жүйелі ұйымдастыру.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін назарда ұстап, оларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру мәселесін көтеру.

Жалғызбасты қарттардың, ардагерлердің және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарға қолдау көрсету.Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың өтініштері мен мәселелерін назардан тыс қалдырмай, тиісті мекемелермен бірлесе шешу жолдарын қарастыру.

Отбасылық құндылықтарды нығайту, ана мен баланы қорғау, ұрпақ тәрбиесі бағытындағы игі бастамаларды қолдау.

Ауыл мектептеріндегі педагог кадрлардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жас мамандардың кәсіби қалыптасуына қолайлы орта қалыптастыруға атсалысу.

Бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалардың белгіленген тәртіпке сәйкес тегін ыстық тамақпен толық қамтылуына ықпал ету.

Жастар мен әлеуметтік осал топтарды қолдау- Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін назарда ұстау;

- Ардагерлер мен қарттарға құрмет көрсету; - Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға атсалысу.

Тазалық пен экологиялық мәдениет  «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау;

Аудан аумағын көгалдандыру және көркейту;

Заңсыз қоқыс орындарының алдын алу;

- Қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын жандандыру.

Менің мақсатым – білімді, тәрбиелі, отаншыл әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау. Бұл жолда ұстаздардың мәртебесін көтеру, ата-аналардың ұсыныстарын ескеру, балалардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау мәселелерін үнемі назарда ұстаймын.

Әрбір бала – жеке тұлға, әрбір ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелеуші, әрбір ата-ана – қоғамның тірегі. шешілуіне ықпал етуге күш саламын.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы