
Кожахметов Думан Кожамбекович -1986 жылы Бірлік ауылында дүниеге келген.
1992 жылы ауылдағы мектептің табалдырығын аттап, 2003 жылы орта білім алған.
Еңбек жолын 2005 жылы «Агрофирма «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орталық қырманында жұмысшы болып бастаған. 2007 жылдан бастап «Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің №3 бөлімшесінде механизатор болып еңбек жолын жалғастырған. Ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе жинақтап, өндірістік жұмыстардың қыр-сырын меңгерген.
2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің №3 бөлімшесінде есепші қызметін атқарып келеді. Қызмет барысында өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындап, еңбекқорлығы мен тиянақтылығын танытып келеді.
Еңбек жолында ауыл шаруашылығы саласының әртүрлі бағытында тәжірибе жинақтап, шаруашылықтың жұмысына өз үлесін қосып жүрген азамат.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына өз кандидатурамды ұсынамын. Өзім туып-өскен туған жерімнің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және халықты толғандырған өзекті мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ету. Өйткені туған жердің өркендеуі, ауылдың ажары мен тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруы – баршамызға ортақ міндет әрі жауапкершілік.
Ауыл шаруашылығы саласында еңбек ете жүріп, ауылдың тыныс-тіршілігін, шаруалардың күнделікті жұмыс барысында кездесетін қиындықтарын, ауыл тұрғындарының талап-тілектері мен мұң-мұқтажын жақсы түсінемін. Ауылдың дамуы ең алдымен еңбек адамына жасалған жағдайға, өндірістің өркендеуіне және халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына тікелей байланысты. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласын қолдау, шаруа қожалықтарының дамуына мүмкіндік жасау, шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету басты назарымда болады.
Сонымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мәселелердің шешілуіне ерекше көңіл бөлуді көздеймін. Атап айтқанда, ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту, елді мекендерді таза ауызсумен қамтамасыз ету, инженерлік-коммуникациялық желілерді дамыту, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу – уақыт күттірмейтін маңызды міндеттер.
1. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ
Жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдерінің өзекті мәселелерін зерделеп, олардың шешілуіне ықпал ету. Кәсіпкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын мәслихат отырыстарында көтеріп, мемлекеттік қолдау, жеңілдетілген қаржыландыру және кәсіпкерлікке баулу бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысу.
2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Мал және егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының мәселелерін назарда ұстау. Ветеринариялық қызмет көрсету, жемшөппен қамтамасыз ету, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағыттарындағы түйткілдерді тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеріп, олардың оң шешімін табуына ықпал ету.
3. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ
Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына қолдау көрсету. Жастарды кәсіптік білім алуға, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге және тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларды қолдау. Сонымен қатар ауыл жастарының кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік жасауға атсалысу.
4. ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің еңбегін қолдап, жергілікті ет, сүт және егін өнімдерін өткізу нарығын кеңейту мәселесін көтеру. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, шаруалар мен кәсіпкерлердің жәрмеңкелерге, сауда орындары мен тұрақты өткізу алаңдарына қатысуына жағдай жасауға ықпал ету.
5. АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ
Ауылдық елді мекендердегі жол, ауызсу, электр энергиясы, көше жарығы және абаттандыру мәселелерін тұрақты назарда ұстау. Тұрғындардың тұрмыс сапасына, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік нысандардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін инфрақұрылымдық мәселелерді мәслихатта және тиісті мекемелер алдында көтеру.
6. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ
Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға, сондай-ақ көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарға атсалысу. «Мектепке жол» акциясы секілді игі бастамалардың жалғасын табуына ықпал ету. Кәсіпкерлер арасында қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, туған жерге жанашырлық танытатын азаматтардың бастамаларын қолдауға күш салу.
7. ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ
Кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарының басшыларымен және ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын жүйелі түрде жинақтау. Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді мәслихат отырыстарында көтеріп, тиісті органдармен бірлесе отырып, шешу жолдарын қарастыру. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы тұрғындарға ашық әрі жүйелі түрде есеп беріп отыру.
Бұқаралық спортты дамыту. Ауыл балалары мен жасөспірімдеріне арналған күрес, бокс, футбол және басқа да спорт түрлері бойынша тегін үйірмелер мен секциялар ашуға ықпал етемін. Білікті жаттықтырушыларды тарту, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, ауылішілік және аудандық деңгейдегі жарыстарды тұрақты өткізу мәселелеріне басымдық беремін. Жастардың бастамаларына қолдау көрсету. Жастардың білім алуына, кәсіп меңгеруіне, жұмыспен қамтылуына және өз кәсібін ашуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімді болуына ықпал етемін.
Ауылдардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобаларды қолдау.
Елді мекендердегі көшелерді абаттандыру, жарықтандыру, қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарын жаңарту мәселелерін көтеру.
Ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне, спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға қатысуына жағдай жасауға атсалысамын.
Жастардың бастамашылдығы мен шығармашылық ізденістерін қолдауды маңызды міндет деп санаймын.
Менің мақсатым – тек бүгінгі мәселелерді шешуге атсалысу ғана емес, ауылдардың ертеңгі дамуына берік негіз қалыптастыру.
Әлеуметтік сала да назардан тыс қалмауы тиіс. Әсіресе, жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына, кәсіп бастауына және өз қабілетін туған жерінде жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасау маңызды. Сонымен бірге ардагерлерге құрмет көрсету, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау білдіру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне назар аудару – қоғам алдындағы ортақ парызымыз.
Ал халық сенімі – аманат, ал сол аманатқа адал болу – менің басты ұстанымым!


