
Бейсенов Бексұлтан Бейсенұлы - 1995 жылы Көктал ауылында дүниеге келген.
2005 - 2013 жылдары Бірлік ауылындағы Бірлік орта мектебінде білім алып, осы мектепті аяқтаған. Одан кейін 2013–2016 жылдары аграрлық колледжде білімін жалғастырып, таңдаған мамандығы бойынша кәсіби даярлықтан өткен.
Еңбек жолын 2017 жылы «Агрофирма «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бастаған. Содан бері аталған шаруашылықта тұрақты еңбек етіп келеді. Еңбек еткен жылдарында ауыл шаруашылығы саласының қыр-сырын меңгеріп, тәжірибе жинақтаған. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, еңбек тәртібі мен тиянақтылықты басты ұстаным етіп келеді.
Отбасылы, бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған әке. Отбасы құндылықтарын жоғары бағалап, балаларының тәрбиесі мен болашағына ерекше мән береді.
Бексұлтан Бейсенұлы үшін адал еңбек ету, бастаған істі жауапкершілікпен атқару және туған жердің дамуына үлес қосу – өмірлік ұстанымдарының бірі.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына өз кандидатурамды ұсынамын. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек ете жүріп, ауылдың тыныс-тіршілігін, шаруалардың күнделікті жұмыс барысында кездесетін қиындықтарын, ауыл тұрғындарының талап-тілектері мен мұң-мұқтажын жақсы түсінемін. Ауылдың дамуы ең алдымен еңбек адамына жасалған жағдайға, өндірістің өркендеуіне және халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына тікелей байланысты. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласын қолдау, шаруа қожалықтарының дамуына мүмкіндік жасау, шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету басты назарымда болады.
Сонымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мәселелердің шешілуіне ерекше көңіл бөлуді көздеймін. Атап айтқанда, ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту, елді мекендерді таза ауызсумен қамтамасыз ету, инженерлік-коммуникациялық желілерді дамыту, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу – уақыт күттірмейтін маңызды міндеттер. Бұл мәселелердің барлығы тұрғындардың күнделікті тұрмысымен тығыз байланысты болғандықтан, олардың шешілуіне өз үлесімді қосуға күш саламын.
Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасауға қолдау көрсету. Жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне ықпал ету.
Жас кәсіпкерлердің бастамаларын қолдап, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысу.
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-рухани және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін назарда ұстап, оларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру мәселесін көтеру.
Аудандық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.
Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу. Заманауи талаптарға сай жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) салуды қолдау.
тыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.
Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу. Заманауи талаптарға сай жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) салуды қолдау.
Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау- Жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сай құнарлы әрі пайдалы тағаммен қамтамасыз етілуін назарда ұстау.
Мектеп асханаларының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерін көтеру.
Шалғай елді мекендер мен мектептен қашық орналасқан ауылдардағы балаларды қауіпсіз тасымалдау үшін мектеп автобустарының санын көбейту мәселесін көтеру.
Оқушыларды тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайына, қауіпсіздік талаптарына және уақытылы қызмет көрсетуіне назар аудару.
Мектептерге жақын орналасқан көшелерде жаяу жүргіншілер өткелдерін, жол белгілерін, бағдаршамдар мен түнгі жарықтандыру жүйелерін орнатуға ықпал ету.
Мектеп аумақтарындағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жылдамдықты шектеу белгілерін орнату мәселесін тиісті органдармен бірлесе қарастыру.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және ауыл инфрақұрылымы:
Ауылдық елді мекендердегі жол, ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.
Ауылдардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобаларды қолдау.
Елді мекендердегі көшелерді абаттандыру, жарықтандыру, қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарын жаңарту мәселелерін көтеру.
Ауылдардың санитарлық тазалығын сақтау, көгалдандыру және көркейту жұмыстарын жүйелі жүргізуге атсалысу.Әлеуметтік маңызы бар нысандардың жөнделуі мен жаңғыртылуына, олардың тұрғындар үшін қолжетімді болуына ықпал ету.
Ауыл мектептері мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, ғимараттарының жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру.
Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасауға қолдау көрсету.
Жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне ықпал ету.
Жас кәсіпкерлердің бастамаларын қолдап, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысу.
Балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына, спорттық үйірмелердің жұмысын жандандыруға қолдау көрсету.
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-рухани және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін назарда ұстап, оларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру мәселесін көтеру.
Кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарының басшыларымен және ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын жүйелі түрде жинақтау. Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді мәслихат отырыстарында көтеріп, тиісті органдармен бірлесе отырып, шешу жолдарын қарастыру. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы тұрғындарға ашық әрі жүйелі түрде есеп беріп отыру.
Мал және егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының мәселелерін назарда ұстау. Ветеринариялық қызмет көрсету, жемшөппен қамтамасыз ету, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағыттарындағы түйткілдерді тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеріп, олардың оң шешімін табуына ықпал ету.
Жалғызбасты қарттардың, ардагерлердің және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарға қолдау көрсету.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың өтініштері мен мәселелерін назардан тыс қалдырмай, тиісті мекемелермен бірлесе шешу жолдарын қарастыру.


