
Заң мен тәртіп – бейбіт әрі қауіпсіз қоғамның басты кепілі. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, өз құқығы мен міндетін білуі қажет. Қоғамда тәртіп орнауы үшін әр адам жауапкершілікті сезініп, өзгелердің құқығын құрметтеуі тиіс.
Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті. Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қорғау және әділдікті қолдау арқылы біз еліміздің дамуына үлес қосамыз. Заңға құрмет – елге құрмет! Заң мен тәртіп үстемдік құрған жерде тұрақтылық пен сенім болады.


