
Мектебімізде 25 қазан – Республика күніне орай оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және туған елге деген құрметті арттыру мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар Республика күнінің тарихи маңызы туралы мағлұмат алып, еліміздің тәуелсіздігі, бірлігі мен болашағы жайында ой бөлісті. Отанды сүюге, елін құрметтеуге және Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосуға шақырылды.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, көк байрағымыз әрдайым асқақ болсын!


