
Балалар өнер мектебінде домбыра, вокал, би және теориялық пәндер мамандықтары бойынша І тоқсандық емтихан өткізілді.
Емтихан барысында оқушылардың музыкалық білімі, орындаушылық шеберлігі, сахналық мәдениеті, ырғақ сезімі мен шығармашылық қабілеттері сараланды. Білім алушылар тоқсан бойы меңгерген білімдері мен дағдыларын көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.
Жас өнерпаздарымызға шығармашылық шабыт, өнер жолында толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!


