
Балқаш ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған квиз сайысы өтті
Балқаш ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған «Ұлт рухы – жастардың жүрегінде» атты квиз сайысы ұйымдастырылды.
Танымдық шараға Б. Бейсекбаев және М. Сеңгірбаев атындағы мектептердің оқушылары қатысып, өзара білім мен біліктіліктерін сынады. Сайыс барысында қатысушылар қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білім деңгейін, тапқырлығы мен жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті.
Квиз сайысы оқушылардың білімін жетілдіріп қана қоймай, олардың өзара ынтымақтастығын нығайтуға, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға және ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық рухты қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін нығайту, ел тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар алғыс хаттармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.
Осындай тағылымды шаралар жастардың елжандылық қасиеттерін қалыптастырып, ұлттық санасын жаңғыртуға және рухани мұрамызды келер ұрпаққа жеткізуге жол ашады.
Ұлттық рух – ұлттың тірегі, ал оны сақтау мен дәріптеу – жас ұрпақтың міндеті!
#RepublicDayKazakhstan , #Республикакүні
#Балқаш ауданы.


