
Ауыл арасында өткен «Жігіт сұлтаны» байқауында мектебіміздің мақтанышы, дене шынықтыру және бастапқы әскери даярлық пәндерінің мұғалімі Несіпбек Азамат Жанболатұлы топ жарып, БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді!
Бұл — нағыз жігітке тән жігердің, қайсарлықтың, білім мен біліктің, өнер мен өрліктің айқын көрінісі!
Ел намысын биік ұстап, азаматтық болмысы мен жігіттік қасиетін таныта білген ұстазымыздың жеңісі — бәріміз үшін үлкен мақтаныш!
Жеңісіңіз құтты болсын, Азамат Жанболатұлы! Абыройыңыз асқақтап, мерейіңіз үстем болсын! Шәкірттеріңізге үлгі болып, биік белестерді бағындыра беріңіз! Әр жеңісіңіз жаңа жетістіктерге жол ашсын!
БІР БАС ЖҮЛДЕ — БІР ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ!
Несіпбек Азамат Жанболатұлы — «Жігіт сұлтаны» байқауының БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ!


