«Халқымыздың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз болып қала береді»

33.png

«Алайда бұл әр жетістікке мәз болып, жайбарақат отыратын заман емес.

Біз биік мақсаттарға ұмтылып, тек қана алға – жарқын болашаққа қарай жүруіміз керек. Келешекке зор сеніммен қарап, Қазақстанды шын мәнінде өркениетті мемлекетке айналдыруымыз қажет.

Қазір біз бір ел болып жасампаздық жолына түстік: қоғамымызда жаңа идеялар, жаңа тұлғалар, отаншыл азаматтардың жаңа буыны пайда болуда.

Мен Мемлекет басшысы ретінде осындай игі үрдісті қолдаймын. Мұны ел ішінде жасалып жатқан реформалардың айқын көрінісі деп санаймын.

Халқымыздың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз болып қала береді. Бұл – елдің табысты дамуының бірден-бір шарты, тиімді әрі ұзақмерзімді факторы.

Реформалардың бастапқы кезеңінде еліміздегі көзі ашық және прогрессивті қоғамдық-саяси күштер жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар аясында бірігуі қажет деп санаймын. Сонда ғана Әділетті Қазақстанды құру, мемлекеттілігімізді нығайту ісінде табысқа жете аламыз».

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы
  • Выдумал насилие в армии ради денег: 23-летний астанчанин получил срок за пост в Threads
  • Астана готовится принять международный турнир «Игры Будущего 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kaz
  • Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға
  • ИЯФ — кузница кадров для атомной отрасли Казахстана