«Еліміздің Егемендігі, Тәуелсіздігі – ең маңызды, ең қастерлі құндылығымыз»

54.png

«Біз өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде өзімізге сенімді болуымыз керек. Ешкімге жалтақтамай батыл әрекет етуіміз қажет. Бұдан басқа жол жоқ.

Мақсаты айқын, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мемлекет тағдырына жауапты екенін терең түсінеді. Олар еріктілер қатарына қосылып, қайырымдылық жасап, маңызды бастамаларды табысты іске асырып жүр.

Нағыз отаншыл адам көзбояушылыққа бармайды, шын патриот ел мүддесі үшін табанды еңбек етеді. Жасампаз отаншылдық дегеніміз де – осы.

Мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды. Сондықтан біз Абайдың ұлағатына сай «ақырын жүріп, анық басамыз». Ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, алысқа көз тігеміз.

Төл тарихымызға құрметпен қарап, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға баса назар аударамыз.

Бұл бағытта белсенді жұмыс істелуде.

Жошы хан жерленген Ұлытау аймағына облыс мәртебесі берілді. Елімізде Жошы ұлысын зерттеу институты құрылды. Біз бұл мекеменің ғылыми әлеуетін күшейте береміз.

Көп ұзамай Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық еңбегі жарыққа шығады. Оның бір томы түгелдей Алтын Орда тақырыбына арналды».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы
  • Выдумал насилие в армии ради денег: 23-летний астанчанин получил срок за пост в Threads
  • Астана готовится принять международный турнир «Игры Будущего 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kaz
  • Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға
  • ИЯФ — кузница кадров для атомной отрасли Казахстана