“Бір ауыл-бір өнім” жобасы аясында

maxresdefault.jpg

Аудан көлеміндегі халықтың табысын арттыру,жастар мен ауыл тұрғындарын кәсіпке тарту,ол үшін мемлекет тарапынан қаралған қолдау тетіктерін үйлестіру аясындағы жұмыстар бойынша “ Бір ауыл-бір өнім” бойынша ашылатын жобалар жинақталуда.

   Біздің жоспарымыз бойынша алдағы уақытта 28 жоба іске қосылып, 61 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.Ал бүгінгі таңда 13 жоба ашылып, 22 адам жұмыспен қамтылып отыр.

    Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша:

39 адам 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етуге жоспарлануда.

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК көлемінде 75 мемлекеттік грант жоспарланып, оған 1731,0 мың теңгеден қаралып, барлығы  129825,0 мың теңге қаржыны игеру жоспарлануда.

    Осылайша біз аудан көлемінде кәсіпкерлік саласын дамытып,аудан бюджетінің көбеюіне  қадам жасайтын боламыз.

 

Қарлыға Жинақбаева,Балқаш аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Маңызды қадам деп есептеймін
  • “Жүректен жүрекке” атты фестиваль өтті
  • Почему строительство АЭС начинается задолго до первого бетона
  • Маршрут Север - Юг и Средний коридор: Казахстан наращивает транзит
  • Ауылдан басталған өнер жолы, биік белестерге басталған қадамдар