Пайдаланылмай жатқан жерлер айналымға қосылуда

арнур.jpg

амина.jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекет меншігіндегі жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу үшін Балқаш ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді анықтау үшін тұрақты жұмыс тобы құрылған.          

     Ағымдағы жылдың басынан жалпы көлемі 7385,4063 га құрайтын 5 жер пайдаланушының  8 жер учаскесі мемлекеттік жер қоры есебіне қайтарылды. Сондай-ақ пайдаланбай жатқан жерлерге Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментіне 7011 га құрайтын 4 учаске бойынша тексеріс жүргізіліп шара көру мен салық мөлшерін 20 есеге ұлғайту үшін материал тапсырылды.

      2026 жылдың қаңтар айында 2020 жылдан бері қайтарылған жайылымдық  жер учаскелерінің ішінен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс ұйымдастырылып, жалпы көлемі  11628,1343 га құрайтын 34 жер пайдаланушыларға жер учаскелері табысталды.

     Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау,мемлекет меншігіне қайтарту және оны қайта айналымға қосу жұмыстары алдағы күндері де өз жалғасын табатын болады.

 

Ғалым Нарбаев,Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • “Бір ауыл-бір кәсіп” жобасы аясында
  • Балқаш ауданының экономикасы қарқынды дамуда
  • Пайдаланылмай жатқан жерлер айналымға қосылуда
  • Орман қорын ұлғайту-бүгінгі күннің талабы
  • В Алматинской области построят новые экопарки стоимостью более 22 млрд тенге