Балалар және кітап әлемі

f1835eac-cfc7-4300-827d-d5087d80055b.jpeg

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен мәдениет үйінің саябағында «Балалар және кітап әлемі» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік кештің мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болды.

Шара барысында кітапханашылар арнайы 6 аймақ ұйымдастырып, балалар өз қалаулары бойынша қызықты алаңдарға қатысып, белсенділік танытты. Атап айтқанда, «Апамның ертегілері» аймағында балалар ертегі тыңдап, кітап әлеміне саяхат жасаса, фото аймақта естелік суреттерге түсті. «Тик-ток алаңында» балалар тренд билерді билеп, көңілді сәттерге бөленді. Сонымен қатар «Аквагрим» аймағында балалардың жүздеріне түрлі бейнелер салынса, «Арт терапия» және «Суретшілер мекені» алаңдарында бүлдіршіндер сурет салып, бояулар арқылы өз қиялдарын бейнеледі.

Мерекелік шара барысында балалар ән айтып, би билеп, ойындарға қатысып, ерекше әсер алды. Сонымен қатар балаларға жеке кәсіпкер, «Medina Flowers» кәсібінің негізін қалаушы, ауданымызды әсем гүл шоқтарымен көркейтіп жүрген Ляззат Қайратқызының демеушілігімен тегін балмұздақтар таратылып, бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады. Сондай-ақ аудандық кітапхана атынан өнері мен белсенділігімен ерекшеленген балалар Алғыс хаттармен және шағын сыйлықтармен марапатталды. 

      Көңілді кеш балғындарға шаттық сыйлап, кітап пен шығармашылықтың ғажайып әлеміне жетеледі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы
  • Выдумал насилие в армии ради денег: 23-летний астанчанин получил срок за пост в Threads
  • Астана готовится принять международный турнир «Игры Будущего 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kaz
  • Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға
  • ИЯФ — кузница кадров для атомной отрасли Казахстана