

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осынау айтулы күнге орай аудан жұртшылығы Ақкөл ауылындағы "Ақкөл" көтерілісі құрбандарына арнап қойылған ескерткішке арнайы барып, гүл шоқтарын қойып, елінің еркіндігі үшін құрбан болған боздақтардың рухына Құран-кәрім бағыштап, әруақтарына тағзым жасады.
Іс-шараға аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, Бақанас ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұханғали Қожабеков, Ақдала ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекен Шыбықбаев, Көкжиде ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыржан Ноғайбаев және Ақкөл көтерілісінің құрбаны Әлімбек Жұмабековтың немересі Әбді Әлімбеков арнайы барып қатысты. Сонымен қатар бұл іс-шараға Ақкөл ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбікен Жылгелдиев және ауыл тұрғындары қатысып, "Ақкөл" көтерілісінің құрбандарына тағзым жасады.
Ескерткіш алдына гүл шоқтары қойылғаннан кейін, Көкжиде ауылының молдасы Оразбек Нұрмұхамед Құран кәрім бағыштады.Осында естеліктер айтылып,оқушылар арнау-жырларын жатқа айтты.
Өз тілшімізден.


