*Мемлекет басшысы: «ЕАЭО – жай ғана өңірлік интеграциялық бірлестік емес

f1a1f2bb-2f3f-49f5-91b4-5ceede529fef.jpeg

*Мемлекет басшысы: «ЕАЭО – жай ғана өңірлік интеграциялық бірлестік емес, жаһандық экономиканың маңызды субъектісі екенін түсінген жөн»*

 

«Ең алдымен, осы өте маңызды іс-шараға қатысқаны үшін Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің басшыларына, байқаушы елдердің көшбасшыларына және барша қонақтарға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Еуразия экономикалық форумы еуразиялық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері бойынша кәсіби әрі нәтижелі диалогтың тиімді алаңы ретінде кеңінен танылған.

Бүгін ортаға салған идеялар, бастамалар мен ұсыныстар Интеграциялық одақ аясындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа тың серпін беретініне сенімдімін.

ЕАЭО – жай ғана өңірлік интеграциялық бірлестік емес, жаһандық экономиканың маңызды субъектісі екенін түсінген жөн».

 

t.me/aqorda_resmi


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Маңызды қадам деп есептеймін
  • “Жүректен жүрекке” атты фестиваль өтті
  • Почему строительство АЭС начинается задолго до первого бетона
  • Маршрут Север - Юг и Средний коридор: Казахстан наращивает транзит
  • Ауылдан басталған өнер жолы, биік белестерге басталған қадамдар