Тұтынушы құқұғы қорғалды


29550a1f-f541-40ee-b789-4744fd34d4e7.jpeg

Алматы облысында тұтынушының құқықтарын қорғау бағытында нақты жұмыстар жалғасуда. Кезекті жағдайда облыс тұрғыны ас үй жиһазын (кухонный гарнитур) дайындау қызметіне тапсырыс беріп, кәсіпкерге 1 500 000 теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған. Алайда, белгіленген мерзімде тапсырыс орындалмай, кәсіпкер түрлі сылтаулар айтып, тұтынушыны ұзақ уақыт бойы әуре-сарсаңға салған.

Нәтижесінде азамат өз құқықтарының бұзылғанын айтып, Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді. Департамент мамандары аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасының “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” Заңына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сотқа дейінгі реттеу іс-шараларын ұйымдастырды.

Департамент тарапынан кәсіпкермен байланыс орнатылып, тұтынушының заңды талабы негізінде мәселені бейбіт жолмен шешу қажеттігі түсіндірілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұтынушыға 1 500 000 теңге көлеміндегі қаражаты толық көлемде қайтарылды.

Бұл жағдай – тұтынушылардың өз құқықтарын қорғауда белсенді болуының және уәкілетті органға дер кезінде жүгінудің маңыздылығын көрсетеді. Егер сіз де сапасыз қызметке немесе орындалмаған тапсырысқа тап болсаңыз, өз құқығыңызды қорғауға толық мүмкіндігіңіз бар.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы
  • Выдумал насилие в армии ради денег: 23-летний астанчанин получил срок за пост в Threads
  • Астана готовится принять международный турнир «Игры Будущего 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kaz
  • Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға
  • ИЯФ — кузница кадров для атомной отрасли Казахстана