Жамбыл ауданында аудит барысында бірқатар кемшіліктер түзетілді

image.png

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы Жамбыл ауданындағы мемлекеттік мекемелерге жүргізілген аудит

 қорытындыларын жариялады. Аудит барысында бюджет қаражатын пайдалану мен мемлекет активтерін басқаруда 

бірқатар заңбұзушылықтар анықталған деп айтты Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Қуаныш

 Есенаманов  баспасөз мәслихатында. 


Тексеру 2024 жылдың 1 қаңтары мен 2025 жылдың 31 желтоқсаны аралығын қамтыған. Аудит Жамбыл ауданының

 жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану 

тиімділігін бағалауға бағытталды.


Жалпы сомасы 22,8 млрд теңгеден астам қаражат қамтылған аудит нәтижесінде 2,7 млрд теңгеге жуық бұзушылық 

анықталған. Бұл көрсеткіш екі жыл бұрынғы тексерумен салыстырғанда бес есеге өскен.


«Анықталған қаржылық бұзушылықтардың көлемі - 120,1 млн теңге. Оның ішінде бухгалтерлік есепте қалпына 

келтіруге жататын қаражат, салық түсімдері және бюджетке өтелуі тиіс сомалар бар»,-деді өз сөзінде спикер. 


Сонымен қатар, бюджет қаражатын жоспарлау мен игеруде де елеулі кемшіліктер анықталған. Аудиторлардың 

мәліметінше, жауапты органдар арасындағы үйлестірудің әлсіздігі мен талдау жұмыстарының жеткіліксіз жүргізілуі

 салдарынан 2,5 млрд теңге тиімсіз жоспарланып, 83,4 млн теңге тиімсіз жұмсалған.


Спикердің сөзіне сүйенсек, аудит барысында 9 рәсімдік сипаттағы бұзушылық тіркелген. Тексеру комиссиясының 

отырысына дейін бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілуі тиіс қаражат толық түзетіліп, салық түсімдері 

бюджетке аударылған. Ал заңды және жеке тұлғалардан өндіріліп алынуы тиіс 8,2 млн теңгенің 6,1 млн теңгесі 

жергілікті бюджетке қайтарылған.


Заң талаптарын бұзуға жол берген мемлекеттік мекемелердің 31 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілік мәселесін қарау үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 8 материал 

жолданған. Нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша жалпы сомасы 

1,1 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Бұдан бөлек, екі ауылдық округ әкіміне қысқартылған тәртіппен 434 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, толық 

өндірілген.


Қазіргі уақытта Жамбыл ауданы бойынша бюджетке өтелуі тиіс бірқатар сома әлі де бар. Атап айтқанда, 

Шолаққарғалы ауылдық округі әкімдігі аппараты бойынша – 957,3 мың теңге, Ұзынағаш ауылдық округі әкімдігі 

аппараты бойынша – 364,9 мың теңге және аудандық құрылыс бөлімі бойынша – 735,2 мың теңге қайтарылуы қажет.


Тексеру комиссиясының мәліметінше, алдағы уақытта бюджет қаражатын тиімді пайдалану мен қаржылық тәртіпті 

күшейту бағытындағы бақылау жалғасады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында бірінші жартыжылдықта 9 табиғи монополия субъектісі тексерістен өтті
  • Жамбыл ауданында аудит барысында бірқатар кемшіліктер түзетілді
  • Алтын орда
  • Алтын орда
  • Алтын орда