Қауіпті өндірістік нысандардағы қауіпсіздік – басты назарда

image.png

Қауіпті өндірістік нысандардағы профилактикалық және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру - өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Қазіргі уақытта қауіпті өндірістік нысандарды пайдалану тұрақты бақылауды, алдын алу шараларын уақтылы жүргізуді және төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет етуге дайын болуды талап етеді. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ өндірістік тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қауіпті өндірістік нысандарда тау-кен құтқару, газдан құтқару және фонтанға қарсы жұмыстарды жүргізуге арналған. Аталған қызметтердің негізгі міндеті – авариялардың салдарын жоюмен қатар, олардың алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру.

«Қауіпті өндірістік нысандарды пайдаланатын ұйымдар заң талаптарына сәйкес кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен шарт жасасуға міндетті. Бұл талап өндіріс орындарының төтенше жағдайларға әрдайым дайын болуын қамтамасыз етеді және ықтимал қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді»,- дейді ҚР ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бөлім басшысы Ерлан Кадыров.

Профилактикалық жұмыстар аясында авариялық-құтқару қызметтері өндірістік нысандарға тексеру жүргізеді, объектілердің аварияларға дайындық деңгейін бағалайды, аварияларды жою жоспарларын әзірлеуге қатысады және оқу-жаттығулар ұйымдастырады. Сондай-ақ қызметкерлерге төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндіріліп, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізіледі.

Қауіпті өндірістік нысанның ерекшелігіне қарай кәсіби авариялық-құтқару қызметтері газдан құтқару, тау-кен құтқару және фонтанға қарсы жұмыстарды орындайды. Бұл жұмыстар арнайы жабдықтар мен заманауи технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы
  • Выдумал насилие в армии ради денег: 23-летний астанчанин получил срок за пост в Threads
  • Астана готовится принять международный турнир «Игры Будущего 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kaz
  • Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға
  • ИЯФ — кузница кадров для атомной отрасли Казахстана