Адал қызметкер - әділ мемлекет тірегі

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс  залында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Адал қызметкер - әділ мемлекет тірегі» тақырыбында жиын өтті.

  Аталмыш жиында аудан әкімінің орынбасары Азамат Алтынбаев жиынға қатысушыларға «Заң мен тәртіптің» маңыздылығын түсіндіріп, құқықтық сана мен жауапкершілік деңгейін арттыру, жеке тұлғаның қоғамдағы орны мен заң алдындағы міндеттері жайында айта келе, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға міндетті екенін тілге тиек етті.

 Іс - шараның  негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметкерлер арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік қағидаттарын насихаттау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және  қо-ғамда құқық мәдениетін қалыптастыру болғандықтан жиынға қатысушылар заң мен тәртіптің орындалу қағидалары жайында әңгіме өрбітіп, өз ойларын ортаға салып,  адал қызмет етудің маңыздылығы туралы ой бөлісті.

 Сонымен қатар заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және әділ қоғам құру жолындағы бірлескен жұмыстар талқыланды.

 Қоғам тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігі ең алдымен заң мен тәртіптің мызғымас болуына тікелей байланысты екені анық. Ал қоғамның басты ұстанымы – әділдік және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

 Заң нормалары баршаға бірдей жұмыс істеп, ол әрбір азамат тарапынан мүлтіксіз орындалып, қоғамдағы құқық бұзушылықтар жан - жағындағы адамдарға кері әсерін тигізбесе болғаны.

 Тәртіп – жалпыға ортақ құндылық, ал заңға бағыну – әркімнің өмір дағдысына айналуы тиіс.

                                                                            Өз тілшімізден.

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы
  • Выдумал насилие в армии ради денег: 23-летний астанчанин получил срок за пост в Threads
  • Астана готовится принять международный турнир «Игры Будущего 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kaz
  • Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға
  • ИЯФ — кузница кадров для атомной отрасли Казахстана