«Таза Қазақстан»: Алматы облысында «Таза Қазақстан – экологиялық мәдениет» викторинасы өтті

 оад.pngзыд.pngлкш.pngл.png

Алматы облысы Балқаш ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза Қазақстан – экологиялық мәдениет» атты танымдық викторина ұйымдастырылды.

Викторинаның негізгі мақсаты – тұрғындар, әсіресе жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын арттыру және экологиялық білімді кеңейту.

Іс-шара барысында қатысушылар экология, тұрмыстық қалдықтарды басқару, табиғатты қорғау және «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Викторина интерактивті форматта өтіп, қатысушылардың қызығушылығын арттырды.

Шара барысында қоғам пікірінің көшбасшысы З.Ж. Демеукулова сөз сөйлеп, экологиялық мәдениеттің қоғамдағы маңыздылығына тоқталды:

«Экологиялық мәдениет – бұл тек тазалық емес, ол әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс құндылық. Осындай танымдық іс-шаралар арқылы біз жауапты қоғам қалыптастырамыз», – деп атап өтті спикер.

Мұндай ағартушылық бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да аудан аумағында жүйелі түрде жалғасын табады.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите