Айдос Сарым: Конституциялық реформа — ел тарихындағы маңызды миссия

 

752.png

Конституциялық реформа жөніндегі комиссиясының 7-отырысында комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа Конституция жобасының тарихи маңыздылығына тоқталды.

 

 - Оның айтуынша, әзірленіп жатқан жаңа Конституция елімізді қазіргі геосаяси және құқықтық тәуекелдерден қорғауға бағытталған. Депутат реформаны ел тарихында сирек кездесетін мүмкіндік деп бағалап, қоғам мен азаматтардың қатысуы оның ерекше құндылығын арттыратынын атап өтті.

 

— Біз бүгін Конституция жасап қана қоймай, елдің болашағын қамтамасыз ететін миссияны орындаймыз. Бұл процесс әрбір қатысушы үшін тарихи жауапкершілік, ал қоғам үшін — өз келешегін қалыптастыруға мүмкіндік, — деді Айдос Сарым.

 

Сонымен қатар, ол жаңа Конституцияның елдің саяси жүйесін тұрақтандыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, технологиялық және әлеуметтік дамуға негіз болатынын атап өтті.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите