Жаңа Конституцияның жобасы ұсынылды

оль.png

Елімізде комиссия мүшелерінің конституциялық реформа бойынша ұсынып жатқан жаңашылдықтары мен 

бастамаларына негізделген жаңа Конституцияның жобасы-бүгінгі күннің басты талаптарымен үндесіп жатыр.

     Олай дейтініміз, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырыстарында төмендегі мәселелер қамтылды. 

Сол негізгі ұсыныстарды әңгіме өзегіне айналдырсам, олар: Жаңа бір палаталы Парламент «Құрылтай» деп аталады.

 Депутаттар толығымен пропорционалды жүйе арқылы сайланып, құрамында 145 депутат болады. «Президенттік 

квота» алынып, әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға партиялық квота сақталады. Сондай-ақ 

Конституциялық сот, Жоғары аудиторлық палата, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары сот судьялары 

Құрылтайдың келісімен тағайындалмақ. Және білім берудің зайырлы сипатын Конституция деңгейінде бекіту 

ұсынылды. Жаңа Конституция қазақ тілінде түсінікті, нақты құжатқа айналатының естіп қуанып жатырмыз. 

Сонымен қатар еліміздің жастары тегін жоғары білім алуға құқылы болатыны жаңа Конституцияда айқын 

көрініс табады. Ал комиссия отырысында Ата заңның Преамбуласына шекараның мызғымастығы мен біртұтас ұлт 

ұғымын енгізу ұсынылғаның және «Ұлы Дала» ұғымы жаңа Конституцияның Преамбуласында пайда болуы мүмкін

 екені және Халық Кеңесі, «Миранда ережесі, адами капитал мен адам құқықтарына басымдық, Вице-президент

 институтын құру, адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап, зияткерлік меншік құқығын қорғау 

сынды бастамалар отырыстарда көтеріліп,жаңа Конституцияның жобасы назарға ұсынылды.


Күмісбек Ербаев,қоғамдық пікір эксперті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите