ЕЛ ДАМУЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ӘРІ ӨЗЕКТІ ҚАДАМ

лл.png

Конституциялық комиссия отырысында жаңа Ата заң мәселесін қарау жөніндегі ұсыныс – ел дамуы үшін маңызды әрі өзекті қадам деп білемін. Қазіргі қоғамдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер қолданыстағы Конституцияның кейбір нормаларын қайта қарауды талап етуі мүмкін.

Институттық деңгейде мұндай құндылықтардың Ата Заңда бекітілуі әлеуметтік саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл — демографиялық даму, тәрбие және адами капиталды нығайту тұрғысынан ұзақ мерзімді инвестиция.

Жаңа Ата заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі нығайтып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондай-ақ мұндай бастама халықтың пікірін ескеріп, ашық әрі жан-жақты талқылау арқылы жүзеге асқан жағдайда ғана өз нәтижесін беретіні баршамызға мәлім.

 

Ахан ЖОЛДЫБАЕВ, ауданның Құрметті азаматы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите