ЖҮЙЕЛІ ӘРІ АУҚЫМДЫ ҚАДАМ

13.png

Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар негізгі заңның мазмұнын терең жаңғыртуға бағытталған жүйелі әрі ауқымды қадам екенін көрсетеді.

Конституция мәтінінің 84 пайызына өзгерістер енгізілуі және Преамбуланың толықтай жаңа редакцияда ұсынылуы мемлекеттің даму бағытын заман талабына сай қайта айқындауға мүмкіндік береді. Жаңа Преамбулада адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде бекітіліп, Қаз-ақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі нақты айқындалады. Бұл қағидалар конституциялық реформаның түпкі мақсатын – әділетті, ашық және жауапты мемлекет қалыптастыруды айқындайды. Сонымен қатар, билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін жетілдіру, азаматтардың ел басқару ісіне қатысуын кеңейту, мемлекет пен дін арасындағы өзара қарым-қатынасты нақтылау қоғамдағы тұрақтылық пен сенімді нығайта түседі. Жалпы алғанда, аталған өзгерістер Қазақстанның институционалдық дамуына серпін беріп, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін жаңа деңгейге кө-тереді деп есептеймін.

 

 Сымбат НҰРПЕЙІС, аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите